Сіздермен Біздің Басқарманың қызметі туралы қызығушылық тудыратын ақпараттарына қолданушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз. Басқарманың негізгі мiндеттерi: 1. жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2. пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару; 3. құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтату. 4. азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуы; Сайтты пайдаланушылар өздерінің ұсыныстарын және қызықтыратын сұрақтарын орналастыра алады, сонымен қатар сұрақтар мен ұсыныстар қаралып, тиісті жауаптар берілетін болады. Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми веб-сайты, сайтты пайдаланушылар үшін қажетті ақпарат ұсынатын пайдалы ақпарат көзі болатынына сенімдімін.



Құрметпен С.Ахметов

Тақырыптар


Сұрақ қою