print

Пайдаланылмайтын жерлер мемлекет иелігіне алынуы керек!

...

Елбасымыздың Жолдауындағы «пайдаланылмайтын жерлер мемлекет иелігіне қайтарылсын» деген тапсырмасын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау Басқармасының басшысы Саяш Шаухатұлы Ахметовтың тапсырмасымен Басқарма ның мемлекеттік инспекторлары Каппаров Серік Төкенұлы мен Нығыметжанов Абзал Қанатұлы іс сапармен 2018 жылдың 24 қазанында Осакаров ауданы Тельман селолық округі әкімі аппараты қызметкерлерімен жиналыс өткізді.

Басқарманың құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор С.Қаппаров әкімшілік қызметкерлерін Елбасымыздың Жолдаудағы берген тапсырмасы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді Заң аясында мемлекет иелігіне қалай алу керектігі жайлы ақпаратпен бөлісті. Әкімшілік қызметкерлерін Жер кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Басқарманың, тұрғындар оқып танысу үшін ауыл әкімдеріне жіберген «жерді заңсыз пайдаланған жағыдайдағы жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі туралы» ақпараттар, материалдарды арнайы хабарландыру тақтасына ілмегені үшін ауыл әкімі Т.Рымханға ауызша ескерту жасалды.

Әкімшілік қызметкерлерінің қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 

Қарағанды облысы жерлердің

пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау

Басқармасы


Келулердің саны: 249

Жоғары