print

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда шешілмей отырған мәселелер» тақырыбында өткен жұмыс семинар кеңесі туралы АҚПАРАТ

...

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ұйымдастырумен 2019 жылдың 23 қаңтарында сағат 15-те облыстық әкімшіліктің мәжіліс залында «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселер туралы» жұмыс семинар кеңесі өтті.

Семинар кеңесі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің 2019 жылдың 23 қаңтардағы жолдауындағы «агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы» берген тапсырмаларын, ауыл шаруашылығы Министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасының «Жер қатынастарын мемлекеттік реттеуді жақсарту іс- шарасы» жоспарын, Қарағанды облысы әкімі Е.Ж.Қошановтың тексерістерді 30 пайызға азайту туралы тапсырмаларын, Қарағанды облысы әкімшілігі мен Қарағанды облысы Прокуратурасы бекіткен ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Шайдаровтың бекіткен ақпараттық–түсіндіру және профилактикалық жұмыстар туралы МЕДИА-ЖОСПАР-дың, «Қоғамда коррупцияға қарсы мәдениетті қалыптастыру Комплекстік жоспарын » уақытылы және сапалы орындау мақсатында және жерге мемлекеттік бақылауды жүргізгенде, шешімі табылмай отырған мәселелерді Қарағанды облысы Прокуратурасы және жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп шешу мақсатында өткізілді.

Жұмыс семинар кеңесіне ауыл шаруашылығы министрлігі, жер ресурстары комитетінің мемлекеттік бақылау Басқармасының басшысы М.Ж.Мендыбаев, облыс Прокурорының орынбасары М.М.Таутенов, арнайы есеп және құқықтық статистика Басқармасының прокуроры Д.Н.Сағынтаев, әділет Департаменті басшысының орынбасары Н.О.Есебаев, «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік Корпорациясы директорының орынбасары Р.Е.Жакупов және қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары (жұмыс комиссиясының төрағалары), жер қатынастары бөлімдері басшылары аудандарда жаңадан құрылған, ауылшаруашылық жерлерді пайдалануға және қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Семинар кеңесте шешімі табылмай отырған мәселелер бойынша пікір таластар болып, уәкілетті, құзырлы органдар өкілдері аудан әкімдерінің орынбасарлары (жұмыс комиссиясының төрағалары), жер қатынастары бөлімдері басшылары аудандарда жаңадан құрылған, ауылшаруашылық жерлерді пайдалануға және қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Басқармада, семинар кеңесте көтерілген, Жер кодексіне қатысты, бүгінгі күнге дейін шешімі табылмай отырған кейбір күрделі сұрақтарға талдау жасалынып, ауыл шаруашылығы министрлігі, жер ресурстары комитетіне өз құзыретінде шешу үшін ақпарат жіберілді.

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда шешілмей отырған  мәселелер» тақырыбында өткен жұмыс семинар  кеңесі туралы АҚПАРАТ

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда шешілмей отырған  мәселелер» тақырыбында өткен жұмыс семинар  кеңесі туралы АҚПАРАТ

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда шешілмей отырған  мәселелер» тақырыбында өткен жұмыс семинар  кеңесі туралы АҚПАРАТ

«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауда шешілмей отырған  мәселелер» тақырыбында өткен жұмыс семинар  кеңесі туралы  АҚПАРАТ

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының құқықпен қамтамасыз ету бөлімі


Келулердің саны: 155

Жоғары