print

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет иелігіне алынатын болады.

...

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, жер мониторингі және жерге орналастыруды бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор Қаппаров Серік Төкенұлы 2020 жылдың 9 маусымында Осакаров кенті әкімшілігі аппараты қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті қоғам мүшелерімен кездесу өткізіп, Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Осакаров кентінің әкімі Акижанов Серік Таңжарықұлы, аудан орталығындағы жеке тұрғын үй салу үшін берілген, бүгінгі күнге дейін игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекет иелігіне сот арқылы мәжбүрлеп алып қою жұмыстары жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

Мемлекеттік инспектор С.Каппаров жер мәселесіне қатысты жиынға қатысқандардың сұрақтарына жан-жақты жауап бере келе, Басқарма тарапынан пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатқандығы, және Жер заңнамасын бұзғандар қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет иелігіне алынатын болады.

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет иелігіне алынатын болады.

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет иелігіне алынатын болады.


Келулердің саны: 128

Жоғары