print

Атқарылған жұмыс туралы есеп

"Қарағанды облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ-де 01.01.2019-31.10.2019 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Қарағанды облысы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында "Қарағанды облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ (бұдан әрі мәтін бойынша-Басқарма) келесі жұмыстар жүргізілді:

Басқарманың аппараттық мәжілістерінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістермен мерзімді таныстыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспары қарастырылуда, апта сайын басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңды сақтау мәселесі көтерілуде.

2019 жылы 23 қаңтарда Қарағанды облысы әкімі аппаратының ғимаратында облыстық прокуратура, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ҚСАЕКБ, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті, "Қарағанды облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ, Қарағанды облысы бойынша Әділет департаменті өкілдерінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімдерінің басшыларының қатысуымен "жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың проблемалық мәселелері" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

"Қарағанды облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ 2019 жылғы қаңтардан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаға тартылған, оның ішінде мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында құқық түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіледі. 18.06.2019 жылы Құқықтық жалпы оқыту өткізілді, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Бақылау іс-шараларын жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде іс жүргізу мерзімдерін сақтау.

2. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектордың іс-қимыл алгоритмі.

Басқарма басшысының қабылдау бөлмесінде орнатылған "сенім телефоны" (47-82-25) бар. "Сенім телефоны" бойынша азаматтарды тіркеу журналы жүргізіледі. Ағымдағы жылы басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттеріне "сенім телефонына" ақпарат түскен жоқ.

Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомстволық жадынамалар әзірлеп, таратты. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспары мен кестесіне сәйкес жүргізіледі. Өткізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарттар дайындау және жасасу жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік сатып алу жоспары бекітілген және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда, қолданыстағы заңнама шеңберінде жүргізіледі.
  3. Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, тауарлар мен қызметтерге конкурс тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен өткізіледі.

Басқарма ұжымында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.


Келулердің саны: 96

Жоғары