print

Өкілдіктер туралы ақпарат

"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 05/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2959 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жығы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына және Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2.Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      5."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 04 ақпандағы
№ 05/04 қаулысымен бекітілген


 

"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

   1. Жалпы ережелер

      1.   "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қарағанды облысы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
      2."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Пассажир көшесі, 15.
      9.Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі,
      орыс тілінде – государственное учреждение "Управление по контролю за использованием и охраной земель Карагандинской области"
      10.Осы Ереже "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

   2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13.   "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
      14.Міндеттері:
      1)Қарағанды облысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша ұтымды және тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
      2)Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      3)жер қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жою;
      4)Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.
      15.Функциялары:
      1)мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы:
      мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiштерін) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      межелiк белгiлердiң сақталуына;
      жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;
      2)жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде белгіленген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен олардың арасында жасалған, жерді уақытша пайдалану туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
      3)пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      4)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16.Құқықтары мен міндеттері:
      1)кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      2)Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
      3)Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
      4)Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
      5)қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
      6)жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      7)өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
      8)мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
      9)жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар;
      10)Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
      11)Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
      12)өз қызметін басқа да атқарушы билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыруға;
      13)өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды бекітілген заң тәртібімен (сұраныс хат негізінде) алуға;
      14)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
      15)құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізуге;
      16)сот органдарында жер құқығы қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін көрсету және қорғау;
      17)жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша жергілікті және орталық уәкілетті органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобалары жөнінде ұсыныстарды енгізу;
      18)кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      19)заңсыз басып алынған жер учаскелерін босату жөніндегі талап-арыз шағымдарын (апелляциялық, кассациялық шағымдарды) дайындау және сот органдарына енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      20)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыруға міндетті.
 

   3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17.   "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелеріндегі басшылардың және өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын сақтамағаны үшін жауапкершілікте болады;
      5)өз құзыреті шегінде "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      6)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құзырына кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды қайта өңдеуді бақылайды;
      7)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оны бұзудағы деректерді қарастырады және сол бойынша шешімдер қабылдайды;
      8)өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан шығады;
      9)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің ұйымдастыру-құқықтық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
      10)"Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлімдер туралы ережелерді бекітеді.
      "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы өкілеттігін орындау ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
      21.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
      22."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қарағанды облысы бойынша жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
 

   4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23.   "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24."Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

 5. Мемлекеттік органнды қайта ұйымдастыру және тарату

      26.   "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

 © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Келулердің саны: 2265

Жоғары