print

Біліктілік талаптары

1.«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ  жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспектор  ( 1 бірлік, Д-О-4, №4-03)

Функционалдық міндеттері:

Қарағанды ​​облысы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру жүзеге асыру, жер заңдарының бұзылу нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардан айып пұл өндіріп алу істері бойынша сот органдарына материалдар дайындау; жеке және заңды лауазымды тұлғаларға заңды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақытылы шаралар қолдану;

Жүргізілген тексеріс материалдарын нақтылы іс жүзіне сай дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары білімді мамандықтар бойынша: жерге орналастыру, кадастр, ауылшаруашылығы мамандығы бойынша агрономия, техникалық мамандығы бойынша геодезия және картография, мамандықтар бойынша қолданыстағы экология немесе заңгер. Орта білімнен соң мамандықтары жерге орналастырушы, кадастр, ауылшаруашылығы мамандығы бойынша агрономия, техникалық мамандығы бойынша геодезия және картография  немесе заңгер тәжірибелік жұмыс өтілдері болса, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының         Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Әкімшілік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050 Стратегиясын:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Нұрлы жол – болашақтың жолы»  Президент жолдауын білуі.  


Келулердің саны: 1704

Жоғары