print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3  санатына:  Жоғары   білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа    төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148241

«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (100009, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Пассажир к., 15, анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 478610, электрондық пошта: Ukioz@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

     «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жер мониторингі және жерге орналастыруды бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік инспекторы (1 бірлік, № 3-01, D-О-3 санаты)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жалпы жұмыстарын және жерге орналастыруды бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Жер мониторингі, жерге орналастыру жобаларымен және басқа да жобаларды жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бақылауды ұйымдастыруын жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісті орындауды қамтамасыз етеді. Жер мониторингі және жерге орналастыру жобаларын орындау бойынша материалдарын талдап қорытындылайды. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жер құқық қатынастар саласында материалдарын қарастырып реттейді. Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы аумағында жер заңнамасының нормаларын сақтауға ұтымды жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. Жер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқада қызығушылық танытқан мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнату. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушыларға шара қолдану. Өткізіліп жатқан тексерістер бойынша материалдарды объективті дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «техникалық ғылымдар және технологиялар»  мамандығы бойынша (геодезия и картография);  Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 


Келулердің саны: 1316

Жоғары