print

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ хабарландыруы

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы  «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ хабарландыруы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 14542 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

           83282

112431

«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (100009, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы., Пассажир көшесі., 15, анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 478610, электрондық пошта: Ukioz@krg.gov.kz ) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жер мониторингі және жерге орналастыруды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы (1 бірлік, № 3-03, D-О-4 санаты)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жалпы жұмыстарын және жерге орналастыруды бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Жер мониторингі, жерге орналастыру жобаларымен және басқа да жобаларды жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бақылауды ұйымдастыруын жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісті орындауды қамтамасыз етеді. Жер мониторингі және жерге орналастыру жобаларын орындау бойынша материалдарын талдап қорытындылайды. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жер құқық қатынастар саласында материалдарын қарастырып реттейді. Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы аумағында жер заңнамасының нормаларын сақтауға ұтымды жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. Жер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқада қызығушылық танытқан мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнату. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушыларға шара қолдану. Өткізіліп жатқан тексерістер бойынша материалдарды объективті дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандығы бойынша (геодезия и картография), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2.«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы ( 1 бірлік, №4-04, D-О-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Қарағанды облысы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру жүзеге асыру, жер заңдарының бұзылу нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардан айып пұл өндіріп алу істері бойынша сот органдарына материалдар дайындау; жеке және заңды лауазымды тұлғаларға заңды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақытылы шаралар қолдану; Жүргізілген тексеріс материалдарын нақтылы іс жүзіне сай дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшарушылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (геодезия және картография), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3.«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы ( 1 бірлік, №4-07, D-О-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Қарағанды облысы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру жүзеге асыру, жер заңдарының бұзылу нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардан айып пұл өндіріп алу істері бойынша сот органдарына материалдар дайындау; жеке және заңды лауазымды тұлғаларға заңды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақытылы шаралар қолдану; Жүргізілген тексеріс материалдарын нақтылы іс жүзіне сай дайындау.

4.«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы ( 1 бірлік, № 1-02, D-О-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Басқармада құқықтық іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұйымдастыру; Басқармадағы акттердің заңнамаға сәйкестігін тексеру; талаптық сипатта түскен құжаттарды тіркеу; сотқа жүгіну және сотқа қатысу үшін құжаттардың жобаларын дайындау; жер заңнамасы саласында нормативтік құқықтық  базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма істері номенклатурасына сәйкес қызметтік корреспонденциясын тіркеу; құқықтық жаппай оқуды өткізу, Басқармадағы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар жоспарын орындау; БАҚ-пен жұмысты ұйымдастыру; Қарағанды облысы бойынша жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі оперативті статистикалық есептерді дайындау және тапсыру; жеке және заңды тұлғалардың жер заңнамасын сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстары; құжат айналымын жүргізу; Басқарма құжаттарын бойынша құқықтық сараптама өткізу; соттар және басқа да органдарда Басқарма мүдделерін қорғау; Басшының басқа да жұмыс бабында берген тапсырмаларын орындау. ҚР жер заңнамасының бұзушыларға шара қолдану. Өткізіліп жатқан тексерістер бойынша материалдарды объективті дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшарушылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (геодезия және картография), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс) Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 1372

Жоғары