print

Төменгі лауазым болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ хабарландыруы

Төменгі лауазым болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы  «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ хабарландыруы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 14542 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

           83282

112431

«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (100009, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы., Пассажир көшесі., 15, анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 478610, электрондық пошта: Ukioz@krg.gov.kz ) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1.«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №03, 2017 жылғы 1 тамызға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: Басқармада кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыскерлердің жеке іс қағаздарын қалыптастыру мен жүргізу және жеке іс қағаздарын мұрағаттау, мәжіліс үшін материалдарды құрастыру және еңбек өтілін тағайындау бойынша комиссияның, тәртіптік, сайыстық, аттестация комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру, кадрлар бойынша статистикалық есеп  құру, кадрлар мәселелері бойынша қортындамалық анықтамалар дайындау, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби білімділігін арттыру және кадрлық резервтегілермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету, кадр іс – қағаздарын жүргізу, мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау бойынша шаралар ұйымдастыру және жүргізу, өзіндік іс – қағаздарына, еңбек кітапшаларына жазу жүргізу, жұмыс орны және еңбек өтілі туралы қажетті анықтамалар беру және өзгеде әкімшілік – шаруашылық пен кадрлық мәселелерді шешу, айлық, тоқсандық есептерді құру және құзыретті органдарға тапсыру, іс қағаздарын жүргізу, мекеме және қызметкерлердің қызметінің тиімділігін бағалау, Басқарма ғаламтор-ресурсын ақпараттар мен толықтыру және жүргізу, әскери міндеттілердің есепке алу және есебін жүргізу, басшылардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану),  «персоналды басқару» мамандығы бойынша,  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару); Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Келулердің саны: 1184

Жоғары