print

«Б» корпусының бос мемлкеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлкеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

-«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

 Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

             бастап

дейін

 D-O-3

             109932

148241

 

«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (100000, Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 15 үй, анықтама телефондары: 8(7212) 47-86-10, факс 47-58-59, электрондық адресі karaganda_tzi@nur.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік инспектор 2017 жылғы 13 қазанға дейінгі баланы бағып күту демалысы уақытына (1 бірлік, № 4-01, D-О-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүйелеу және ұйымдастыру; жер құқықтық қатынастарды тұрақтандыру бойынша атериалдарды қарастыру; Қарағанды облысы бойынша жердің тиімді пайдалануына мемлекеттік бақылауды, ҚР жер заңнамасының нормаларының сақталуын қадағалауды ұйымдастыру; ҚР жер заңнамасының бұзылуын анықтау және ол бойынша шара қолдануды ұйымдастыру; жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша статистикалық есептерді құрастыру және құзыретті органдарға уақытылы тапсыруды қадағалау; жер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқада қызығушылық танытқан мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнату. Басшының басқа да жұмыс бабында берген тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушыларға шара қолдану. Өткізіліп жатқан тексерістер бойынша материалдар объективті дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жерге орналастыру, кадастр мамандықтары бойынша, агрономия мамандығы бойынша ауылшаруашылық, геодезия және картография мамандығы бойынша техникалық, заңгерлік немесе қолданбалы экология; Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер  «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-сі әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Келулердің саны: 1077

Жоғары