print

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ -нің хаб

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы  «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»   ММ -нің хабарландыруы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

      D-О-3 санатына:     Жоғары білім;

        Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат  кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)  А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      
- -Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148242

 

«Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (100000, Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 15 үй, анықтама телефондары: 8(7212) 47-86-10, факс 47-58-59, электрондық адресі karaganda_tzi@nur.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік инспекторы (1 бірлік, № 4-01, D-О-3 санаты, 2017 жылғы 13 қазанға дейінгі баланы бағып күту демалысы уақытына).

Функционалдық міндеттері: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүйелеу және ұйымдастыру; жер құқықтық қатынастарды тұрақтандыру бойынша атериалдарды қарастыру; Қарағанды облысы бойынша жердің тиімді пайдалануына мемлекеттік бақылауды, ҚР жер заңнамасының нормаларының сақталуын қадағалауды ұйымдастыру; ҚР жер заңнамасының бұзылуын анықтау және ол бойынша шара қолдануды ұйымдастыру; жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша статистикалық есептерді құрастыру және құзыретті органдарға уақытылы тапсыруды қадағалау; жер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқада қызығушылық танытқан мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынас орнату. Басшының басқа да жұмыс бабында берген тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушыларға шара қолдану. Өткізіліп жатқан тексерістер бойынша материалдар объективті дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «ауылшарушылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (геодезия және картография), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, осы санаттағы нақты лауазымның тиесілі мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»  MM -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________


Келулердің саны: 1414

Жоғары